Алгоритм құрған деректерді интеллектуалды талдау моделі әртүрлі формада болады және оған келесілер енеді:
– шешім қабылдау ағыны, студент болашақ сессиясын тапсыруын болжайды;
– математикалық модель, кафедралар (факультеттер т.б) бойынша сессия нәтижелерін болжайды;
– білім беру үрдісіндегі деректер жиынының байланыстар варианттарын сипаттайтын кластерлер жиыны т.б.
Деректерді интеллектуалды талдау бойынша модуль құру үшін деректер көздерін анықтау қажет, деректерді интеллектуалды талдау моделі және интеллектуалды талдау құрылымы құрылуы тиіс [2].
Деректерді интеллектуалды талдау моделіне негізделген әдістерден тәуелді келесі нәтежелерді алуға болады:
– шешім қабылдау алгоритм ағашы көмегімен моделдеу нәтижелері;
– кластеризациялау алгоритмі негізінде моделдеу нәтижелері;
– уақыттық қатар алгоритмдері бойынша моделдеу нәтижелері;
– қысқартылған Байес алгоритмі бойынша моделдеу нәтижелері;
– өзара байланыс ережелерін қолданып моделдеу нәтижелері;
– ассоциация алгоритмдері бойынша моделдеу нәтижелері;
– нейрон желілерін қарау құралдары көмегімен моделдеу нәтижелері;
– логистикалық регрессия алгоритмін қолданып моделдеу нәтижелері.
Қазақстан ЖОО-да рейтингті жүйені енгізгеннен бастап оқу үрдісінің жағдайы туралы ақпарат көлемі едәуір ұлғайды. Рейтинг деректердің өңдеу және талдау есебі өзекті сипат алуда, сондай-ак оқу үрдісін басқаруға арналған алынған нәтижелерді интерпритациялау қажет етеді.
Айқынсыз бастапқы ақпараттарды реттеу есебін шешу үшін айқынсыз деректерді талдау әдісі 2-ші суретке сәйкес алгоритмі қолданылады. Бұл әдістер көмегімен әртүрлі топтардағы студенттер үлгерімдерін салыстырмалы бағалау есептерін шешу мүмкін және пәндер жиынтығы бойынша бір топ студенттерін ранжирлейді.
Ары қарай есептің математикалық формулировкасын сипаттаймыз. Альтернатива жиынын қысқаша келтірейік х= {x>i}, мұндағы i=1,2,…,n. Әрбір альтернатива бірнеше белгілермен сипатталады k=1,2,…,m ол {a>і} жиынын құрайды. Әрбір а>k белгі бойынша алтернативті жұп салыстыру туралы ақпарат R>kформасындағы қатынас түрінде көрсетілді. Сонымен, x жиынында R>kталғамының m қатынасы бар болсын. {x, >Ri… >Rm} жиынының ең жақсы альтернативін таңдау талап етіледі.
Сонымен студенттерді бірнеше пәндер жиынтығы бойынша үлгерімдерін ранжирлеу есебін шешу мүмкіндігі туады. Сипатталған алгоритм көмегімен осыған ұқсас көптерген есептерді шешуге болады және рейтинг деректерінен оқу үрдісі туралы қосымша маңызды ақпараттарды шығару мүмкіндігі болады.