Тілді дамытуда тіл мәдениетінің жоғары деңгейде болуын қадағалаған мұғалім тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізуге болатынын ескеріп, оқушының да ізденіске бейімделушілігін молайту жолдарын арттырады. Осы орайда инновациялық технологияның әртүрлі коммуникациялық тәсілдерді пайдалануына мүмкіндік беретіндігі көрсетіледі.
Оқушының мәнерлеп сөйлеуіндегі проблемаларды шешу негізгі мақсат болса, мұғалім баланың сөздерді тез қабылдап, оны қолдану орнын білуге жағдай жасап, мүдірмей сөйлеуге машықтандырады.
Бастауыш сынып оқушысының сөйлеу мәнерін қалыптастыруда тек қана өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Себебі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсыновтың өзі: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарын үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйрету ғана емес, сөзді тіршілігінде пайдаланып көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылары мен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайтынын айтады.
Ол үшін халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары жеңіл тілімен беріліп отыруы керек. Балаға жаңылтпаш үйреткенде, оның айту процесін бақылап, сөзді дұрыс сөйлеуге бағыттаған жөн. Өйткені, кейбір баланың тілі келмей, жаңылтпаш айту ережесін бұзып алып отырады. Ал, мұғалім соның бәрін зерттей отырып, сөздердегі дыбыстарды анық айтуға дағдыландырады. Ауыз әдебиетінің келесі түрі – жұмбақ айтқызу. Бұл баланы тапқырлыққа үйретумен қатар ойлау қабілетін кеңейтіп, оның тілін ұштауға көмектеседі. Ал, баланың сөйлеу нақышын реттеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдану мен оның пайдасы орасан зор. Оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытқан кезде екінші бір тақырыппен сәйкестендіріп алу ыңғайлы болады. [2,456].
Бастауыш сыныпта сөйлеу мәнерін меңгертудің келесі жолы: кешенді оқыту технологиясы. Ал, оқушылар үшін: бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттар қойып, сабақ барысында тақырыптың мазмұнын ашатын дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды берген дұрыс. Сонымен қатар жұптық жұмыста оқушылардың бірлесіп диалог құрып, оны сахналастыру. Бұл оқушылардың бір-бірімен сөйлесу арқылы сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруын дамытады.