Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 5

Шрифт
Интервал


Сабақ барысында топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылуы мүмкін. Дәл осы уақытта оқушының сөйлеу тілі мен ойлау, қиялдау қабілеттері де дами түседі. Мұнда ой бөлісудің өзі оқушының көпшілік алдында сөйлеп, мәнерді реттеу жолдарын қалыптастырып, өзіне сенімділігін шыңдайды. Сондай-ақ, ой бөлісуде артық сөздерден аулақ болуға және тиянақты сөйлеуге дағдыланады.

Сөйлеу процесінде бастауыш сынып оқушыларының мәнерді реттеуіне қарай айтылатын сөздерден басқа дауыстың қатты болуы, сөйлеу жылдамдығы мен үзіліс, бет әлпеті, сияқты элементтер де маңызды. Өткені сөйлеу тікелей тыңдаумен байланысты. Бұл өмірде оқушылар алдымен қоршаған ортадағы адамдармен сөйлесуді үйреніп, өз ортасында ойын білдіру арқылы білім алып, ой өрісін дамытып, үшін сөйлеу шеберлігін жетілдіреді. Ал, сөйлеу мәнерінің балаға әсер етуі сыныптағы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тақырыптарды бірігіп талқылауына, тіпті, бірлесіп шешім қабылдауына және проблемаларды шешудің маңызды саласы болып табылатынына көз жеткізеді.

Оқушылардың өз ойын жеткізуге, нақышын келтіріп сөйлеуге үйрететін әдістің бірі – «Өз ұйқасын тап». Кез келген мақал-мәтел, өлең жолдарына мысал келтіріп таптыруға болады.

«Әңгімені әрі қарай жалғастыр» әдісінде баланың ойлауы мен сөздік қорының баюына, жүйелі сөйлеуіне мүмкіндік беріледі. Балаларға арналған шығарманы өту барысында қолдануға болады.

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Мұнда естіген ертегілерін айтып бөлісуге мол мүмкіндік бар.

«Менің сөзім» әдісі. Сыныптағы бір оқушы бүгінгі сабақтан үйренгендерін қорытындылап айтады да басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырады. Бұл барлық оқушының сөйлеп, пікір алмасуына негіз болады.

«Суретті әңгімеле» әдісінде оқушыларды бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу болып есептеледі. Болжам арқылы айтылған сурет бойынша әңгіме оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін толық нұсқасы оқылады. Сөйтіп, өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырып сөйлеуді үйренеді [2,56].

Қорыта айтқанда педагогикалық ойындар технологиясы ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы боп, сөйлеу мәнерінің дамуына қызықтырушы құрал ретінде қолданылып, баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілейді. Нәтижесінде білім мен ойын сабақта елеусіз байланысып, бала өзін еркін ұстай алады. Оқытуды сапалы ету үшін, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәнерін дамытуда жаңартылған білім мазмұнының инновациялық тенология, жаңа әдіс-әсілдерді орынды қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіріп өтуді жалғастырып, дамытамын.