Легенда о Теле - страница 7

Шрифт
Интервал


Тел Орынборда оқыған кезде өзінің революциялық жолын большевиктердің үйірмесінен бастаса да, кейін Қазақстанның болашағы автономияда, тәуелсіздік демократиялық республикада екенің түсініп, «Алаш» партиясын қолдайды.

1918 ж. маусымында Ырғызға атаман Дутовтың отрядтары кіреді. Уезд басқару комитетінің барлық мүшелері (арасында Т. Жаманмұрынов бар) тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі. Бұл шешімді аяғына дейін жеткізуге үлгермейді, тек далада ұсталған Сатыбек Түнғазинді, «ақтар» шауып өлтірген. Ауыл халқы, тұтқындардың жерлестері, туыстары қарсы шығады. Әжемнің айтуынша, халық емшісі, бақсы – Әбу деген кісі, түнде күзетшілердің «көзін байлап» (мүмкін гипноз ба?) тұткындарды босатады. Әбу туралы елде көп аңыз бар, ол кісі атылған оқты қолмен тоқтата алатыны туралы да айтатын. Ырғыз ауылының мұражайында ол адамның болғанын, сол жерде сақталған өмірбаяны дәлелдейді. Тел үшін қиындықтар бітпей, баласымен әйелі аурудан көз жұмады. 1918 ж. аяғында Тел атқару комитетінің төрағасы болуынан бас тартады, оның себебі – орталық большевик партиясының жіберген үкімдермен көп келіспеуі. 1919 ж. көктемінде өткен Үшінші уезд үкімінің съезінде, білікті маман, белсенді қызметкер болғандықтан, оны уезд ревкомның төрайымының орынбасары және земкомның бастығы жұмыстарына қайта сайлайды. Жаңа үкіметпен келіскен үшін, Ырғызға кірген атаман Могилев «ақтар» отрядының әскери сотының үкімімен 15 розгі сабауын алды. 1920 ж. ақпан айына дейін Тел «Алаш» партиясындағы әріптестері: К.Сейдалин және Т.Шонановпен, Ырғыз ақтардан босағанша, Торғайда жасырынады. Белгілі бір себептермен, одан әрі өзінің алашордамен байланысын көрсетпейді. 1919 ж. 4 сәуірдегі және 1920 ж. 15 сәуірдегі Бүкілресейлік Орталық большевик партия комитетінің шешімдері бойынша «Алаш» партия мүшелеріне амнистия жарияланды, олар ЭКП(б) кіре бастады. Тел жұмысшы- шаруалар инспекцияның және статбюро бастығы жұмыстарында жүріп, 1920 ж. коммунистер партиясының мүшесі болды. Бұл шешімге 1920 ж. 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) автономиялық совет социалистік республика деп аталған. «Алаш» партиясының мақсаты жақындай бастаған сияқты. Алдағы келер қиын заман трагедиясын ешкім сезген жоқ. 1921 ж. сәуірде білікті шаруашылық маман ретінде КирЦИК Телді Қазақстанның астанасы Орынборға шақырып алады, оны Халық комиссарының орынбасар жұмысын атқарушысы және Наркомземнің мүшесі болуын бекітеді. Жаңа орынға ол жалғыз емес, он бес жасар әйелімен Сарыбатырова Айғаныспен (нағашы әжемізбен) барады. Әжем ол кездегі көзқарасымен, сауатты адам, ахуалы жоғары, білімді отбасында дүниеге келіп, оқу, қолөнер шеберлігін жақсы меңгерген. Адами қасиеттері: ақылдылығы, мейірімділігі өте биік кісі. Арабша оқи алатын, есте сақтау қабілеті жақсы еді. Өмірінің соңғы күніне дейін (87 жас) ақыл ойы анық, шатаспай әңгімесін айта беретін.