Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі - страница 5

Шрифт
Интервал


Расында, намаз ауыр соғады

Тақуалар мен мүміндерден басқаға.


46.

Нақ сенетін Раббысына қайтарына,

Оған (мәңгілікке) оралып.


47.

Әй, Исраиль ұлдары!

Естеріңе алыңдар.

Рақымымды сендерге

Басқа елден үстем еткен.


48.

Әрі қорқыңдар сол күннен –

Ешбір жан болыса алмайтын,

Шапағат кабыл болмайтын,

Әрі (күнәға) бодау алынбайтын,

Ешкімге жәрдем етілмейтін.


49.

Мынаны (еске алындар):

Біз сендерді Перғауыннан

Әрі оның сыбайластыларынан

құтқарғанымызды.

Сендерге соншалықты ұзақ уақыт

Жаман зорлық көрсеткен –

Ер балаларыңды өлтіріп,

Әйелдерді ғана тірі қалдырып,

Сол – сендерге зор сынақ еді Алладан.


50.

Тағы (еске алындар):

Құтқару үшін сендерді,

Біз теңізді қақ жардық

Сөйтіп көздеріңнің алдында

Перғауынды әскерімен батырдық.


51.

Және (еске алындар):

Белгіледік Біз Мұсаға>22 қырық түнді,

Ал сендер оның артынан

Бүзауды тәңір қылдыңдар,

Батып сонымен ауыр күнәға.


52.

Сонда біз сендерді кешірдік

Тәубесіне келсін>23 деп.


53.

Мынаны (еске алыңдар):

Мұсаға бердік Біз –

Ажырата білуді және Кітапты>24,

Тура жолмен сендер жүрсін>25 деп.


54.

Мынаны (еске алыңдар), қалай:

Мұса еліне айтты:

“Ей, менің жұртым!

Расында, бұзауды тәңір етумен,

Өздеріңе қастық қылдыңдар.

Ал енді шынайы өкініш түрінде

Тәубе етіңдер, Жаратушы Иелеріңе,

(Бұл күнәларың үшін) өздерің

Өздеріңді өлтіруге тиістісіңдер>26,

Сөйтсендер – Жаратушының қасында

Сендер үшін қайыр бар”, – деп

Сонда да Алла қабыл етті тәубені.

Өйткені, қабылдаушы тәубені

Ерекше мейірімді бір Алла!


55.

Мынаны (еске алыңдар):

Сендер айттыңдар Мұсаға:

“Ей, Мұса! Саған сенбейміз,

Көрмейінше Алланың біз жамалын”>27,

– деп.

Бірақ найзағай мен ащы дауыс,

Төбеден түсіп жайратты сендерді –

Соған куә болдыңдар өздерің.


56.

Сосын қайта тірілттік

Өліп қалған сендерді,

Бізге шүкір қылар деп.


57.

Кейін көлеңкеледік сендерді бұлттармен

Ризықтадық мәннамен және бөденемен:

“Жақсы аспен тамақтаның

Біз нәсіп еткен сендерге ”, – деп.

Бірақ (айтқанға көнбей),

Олар Бізге зиян ете алмады –

Өз жандарын залалға ұшыратты.


58.

Мынаны еске алындар,

Біздің (сендерге) айтқанымызды:

“Кіріңдер де осы қалаға>28

Онда барымен рахаттанып ризықтаныңдар.

Бірақ кірерде қақпасына оның бас иіп:

“Алладан (кешірім) тілеймін” деңдер,

Сонда Біз күнәларынды кешіріп,

Игілердің арттырамыз несібін”, – деп.


59.

Бірақ ауыстырды залымдар,

Өздеріне айтылған сөзді басқаға.

Сонда біз оларға көктен азап тусірдік,

Болғаны үшін бұзақы.


60.

Мынаны еске алыңдар, Мұсаның қалай,