Жұрты үшін су тілегенін,
Сонда Біз:
“Сен асатаяғыңмен жартасты ұр!” – дедік.
Сонда сол жартастан,
Он екі (мөлдір) бұлақ>20 атқылады,
Сөйтіп әр тайпа өз суатын белгіледі, -
Жеңдер, ішіңдер, Алла берген несіптен
Бұзақылық қылып жүрмеңдер.
61.
Мынаны еске алыңдар,
Өздерің айтқан:
“Ей, Мұса! Қашанғы жейміз біртағамды,
Жалбарыншы сен Раббыңа,
Бізге жерде өсетін көкөністен берсін деп,
Қияр мен бұршақты, сарымсақты шығарсын”, – деп.
Сонда Мұса айтты оларға:
“Қалайша сендер айырбастап аласыңдар,
Сапалы бұл нәрсені сапасы жоқ нәрсеге?
Бір қалаға>30 барсаңдар
Онда қалағандарыңды табасыңдар”, – деп.
Сөйтіп өздеріне Алла ашуын шақырып,
Олар тап болды жоқшылық пен қорлыққа.
Бұның бәрі оларға,
Алла аяттарын жоқка шығарып
Оның пайғамбарларын еш жазықсыз,
өлтіргені үшін>31
Қарсы келіп, барлық шектен шыққаны үшін>32.
62.
Шындығында (Құранға) иман келтіргендер,
Яһудилер, назорейлер->3 мен сәбейлер>34 –
Аллаға және Ақырет Күніне сенгендер,
Жасап жақсы амалдарды,
Сыйлық алар Алладан,
Оларда еш қорқыныш болмайды,
Әрі олар қайғырмайды.
63.
Мынаны еске алындар:
Біздің сендерден уәде алғанымызды Тауды>35
Көтеріп айтканымызды:
“Біз сендерге түсіргенге>36 берік болыңдар,
Сендер (ашылған сырды) есте сақтандар,
Сонда бәлкім тақуа боларсыңдар”, – деп.
64.
Бірақ одан кейінде сендер жалтардыңдар,
Соңда Алланың сендерге деген
Қайырымы болмаса,
Әлбетте ұшырар едіңдер зиянға.
65.
Рас, сендер білесіндер,
Сенбінің>37 қағидасын бұзғандарды.
Біз айттық оларға: “Маймылға айналындар,
Жиіркенішті, қор болған”, – деп.
66.
Бұл жазаны Біз үлгі қылдық,
Сол елге және ұрпақтарына,
Әрі сақтанғанға өсиет.
67.
Мынаны еске алыңдар,
Мұсаның қалай өз жұртына айтқанын:
“Алла сендерге сиырды бауыздауға>38 бұйырды”, – деп.
Сонда олар айтты:
“Бізді мазақ етіп тұрсың ба?” – деп.
Ол айтты: “Алла мені сақтасын,
Ақымақтардан болудан! – деп.
68.
Сонда олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Ол сиыр қандай болуы тиіс”, – деп.
Ол айтты:
“Ол кәрі де емес, жас та емес,
Орта жасар болсын, – деп, -
Алла айтты сендерге,
Ал енді орындандар үкімді”, – деп.
69.
Сонда да олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Ол сиырдың түсі қандай болсын”, – деп.
Мұса айтты: “Ол сарғыш түсті, дағы жоқ
Көрген көзді қуантатын болсын, – деп, -
Алла айтты сендерге”
70.
Олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Қандай болсын ол сиыр,
Өйткені ұқсас сиыр көп екен,
Тек қалауымен Алланың
Дұрыс тандау жасармыз”, – деп.