Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі - страница 3

Шрифт
Интервал


Балалардың қытай дәстүрлі мәдениетіне деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Ежелгі қытай классикасының шығармашылық трансформациясы мен инновациялық дамуын қалай жүзеге асыруға болады? Бұл жағында Сяо Мао пайдалы әрекет жасады. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына енген ертегілер ежелгі қытай халқының ғажайып қиялына мұра ету негізінде оны жаңғыртып отыр. Бұл автордың дәстүрлі қытай мәдениетіне деген құрметі. Бұдан автордың Қытайдың дәстүрлі мәдениетін шығармашылық жолмен трансформациялауы мен инновациялық дамытуға деген ерік-жігерін көруге болады. Қытайда ежелден бар тақырыпты жаңғыртудың өзі балалар әдебиетіне қажетті кеніш болып саналады.


Чжу Юнсинь,

Қытай білім беру ассоциациясының вице-президенті, Қытайдың білім беру саласындағы жаңа оқу экспериментінің негізін қалаушы, Сучжоу университетінің профессоры

Цинфу (Qіngfu)


Ерте заманда жәндіктердің түрі өте көп болған.

Соның ішіндегі ең бір әйгілісі жаңғырық сияқты дыбыс шығаратын қоңыз болыпты. Ол таудың аңғарында өмір сүріпті. Олар біреу айғайлап дыбыс шығарса болды, соған еріп жаңғырады екен.

Сенбесең тау жаққа баршы, жаңғырық қоңыздар қазір де сен айғайласаң қосылып жаңғырып тұрады. Сен қандай сөз айтсаң да ол соны айнытпай салып береді.

Қазіргі адамдар ежелгі дәуірдегі адамдар сияқты романтикаға бой алдыра бермейді, қиялға да берілмейді, сол себепті көп нәрсені қызықты етіп түсіндіріп бере алмайды.

Жаңғырық қоңыз дуалдың еленбейтін бұрышбұрышында жүреді. Сондықтан биік қабырғаларға, аркалар мен биік көпірлерге қарап айғайлайды, кейде сол қоңыздың айғайлаған жаңғырығы естіліп жатады.

Бейжіңдегі Аспан ғибадатханасында жаңғырық қоңыз көп болғандықтан, жаңғырық анық естілетін. Сол жаңғырық қоңыздардың ұрпақтары сыбырлы қабырғаға қаланған тастары мен сол маңдағы шөптің арасында тығылып өмір сүріп жатыр. Ешбір заманауи жоғары технологиялық құрал оларды анықтай алған жоқ. Өйткені қазіргі адамдар олардың бар екеніне сенбейді, сол себепті жаңғырық қоңызтдар жұрт көзіне түсе бермейді.



Дей тұрғанмен, олар кез келген дыбысқа жауап беріп, өз міндетін адал атқаруда. Сондықтан да жаңғырық шығаратын қабырғаны көру үшін туристер сонда жиі барады. Жұрттың оған деген қызығушылығы артпаса, кеміген жоқ. Жаңғырық қоңыз (эхо) елдің көзіне түспейді, сол себепті жұрт оны көре алмайды. Өйткені жаңғырық қоңыздарға көрінбейтін қоңыздар көмектеседі.